Әл-Шифа ауруханасының аумағынан ХАМАС қарулары табылды
Әл-Шифа ауруханасының аумағынан ХАМАС қарулары табылды, шабуыл кезінде бірнеше содыр өлтірілді, деді Израиль армиясы, - деп хабарлайды Arbat.media.
Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы әл-Шифа ауруханасына кіріп, ХАМАС қаруының айтарлықтай көлемін тапты, бірақ онда кепілге алынғандар бар деген дерек жоқ, деп жазады The Jerusalem Post.
Шабуыл кезінде бірнеше содыр өлтірілді, деп хабарлады ЦАХАЛ. Аурухана астынан туннель жүйесі табылғаны нақтыланып, аумақты тексеру жалғасуда. Сонымен қатар ЦАХАЛ ауруханаға медициналық құрал-жабдықтар мен балалар тамағы жеткізілетінін хабарлады.
Бір күн бұрын Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби АҚШ ақпаратына сәйкес, Хамас пен Палестина "Ислам жиһады" Газа секторындағы кейбір ауруханаларды, соның ішінде әл-Шифа астында туннельдерді жасырып, кепілге ұстау үшін пайдаланды» деп мәлімдеген.
Кирбидің айтуынша, содырлардың басқару орталығы аурухана аумағында орналасқан.