Алек Болдуинге еріксіз кісі өлтірді деген айып тағылды
Голливуд жұлдызы Алек Болдуинге екінші рет еріксіз кісі өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Актер «атыс қаруын абайсызда қолданды» және «басқалардың қауіпсіздігіне солқос немесе немқұрай қарап, өлімге әкелетін әрекетке барды» деп айыпталып, ол 18 айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
2021 жылы «Тат басқан» фильмінің түсірілім алаңында Украина азаматы, кинематограф Галина Хатчинс мерт болған. Бір көріністе Болдуин тапаншадан бос патрондарды атуы керек еді, бірақ қару нағыз оқтарға толтырылған болып шықты. Қалайша солай болғаны әлі күнге дейін белгісіз.
Болдуинге қатысты бұрынғы адам өлтіру айыбы 2023 жылдың сәуірінде алынып тасталғанымен, прокурорлар енді «қосымша фактілер» пайда болғанын айтып отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: