Әлем5 қазан 2023, 9:00

Әлиев Пашинянмен және ЕО өкілдерімен кездесуден бас тартты

Әлиев Пашинянмен және ЕО өкілдерімен кездесуден бас тартты, - деп хабарлайды Arbat.media.

5 қазанда Испанияның Гранада қаласында Армения, Әзірбайжан, Франция, Германия және ЕО өкілдерінің кездесуі жоспарланған болатын.

Oxu.az басылымының түсіндіруінше, Әзірбайжан президентінің бас тартуына «Францияның деструктивті ұстанымы, сондай-ақ Париж бен Берлиннің Түркияның кездесуіне қатысуға келіспеушілігі» себеп болған.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, кездесуге Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған қатыспайды.

Бұған дейін Франция Сыртқы істер министрі Кэтрин Колонна Ереванда болып, Париж Арменияға әскери техника жеткізуге келіскенін мәлімдеген.

Ильхам Әлиев Пашинян Еуроодақ бас тарту

Тақырыпқа жаңалықтар