Америкалық әйел әлемдегі ең үлкен омырауымен қалай қиналатынын айтты
Америкалық әйел әлемдегі ең үлкен омырауымен қалай қиналатынын айтып ағынан жарылды. 66 жастағы Энни Хокинс-Тернер Атлантада тұрады. Оның 33 және 36 жастағы екі баласы бар. Интернет эротика әлемінде ол Norma Stitz деген атпен танымал, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бала кезінен ол гигантомастиямен, сүт безі тінінің ұлғаюымен ауырады. Қазір оның омырауының салмағы 50 келіден асады. Өлшемі 106ZZZ деп белгіленген.
Мектепте Энниді бәрі мазақ етіп, қорлап, күлетін.
Университетте де жұрттың назарын өзіне аударып, тіпті жігіттің алдында жалаңаш көрінуге ұялатын.
1990 жылдары Эннидің кеудесі әлемдегі ең үлкен омырау ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.
Эннидің арнайы автокреслосы және тапсырыс бойынша қауіпсіздік белдігі бар.
Ол баспалдақпен тек қырымен көтеріліп түседі, әйтпесе емшегінің салмақ басымдығымен құлап кетуі мүмкін. Аяқ киімін киген сайын омырауын бір жақ бүйіріне жылжытып қояды. Ал енді төсектен тұру үшін еңбетіне қарай аунауы керек.
«Мен үнемі арқам мен қолымды қорғауға тырысамын. Адамдар үлкен омыраудан тек арқасы ауырады деп ойлайды. Маған сеніңіз, мен үшін ең қиыны - аяғым. аяғым қатты талады. Әрине, үлкен омырауым болғанына ризамын ... Қанша дегенмен, осы омырауымның арқасында екі үй алдым, балаларымды оқыттым және керемет каникулда жүрмін», - деді ол The Sun басылымына.