Ангела Меркель: Навальный репрессиялық мемлекет билігінің құрбаны болды
«Алексей Навальныйдың өлімі туралы хабар мені қатты әбіржітті. Ол репрессиялық Ресей үкіметінің құрбаны болды. Елін қорғаған батыл, қорықпайтын, ашық дауыстың жантүршігерлік әдістермен өшірілгені сұмдық болды. Менің көңілім оның әйелі, балалары, достары және әріптестерімен бірге», - деді Меркель BILD басылымына берген мұхбатында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Германия канцлері ретінде Меркель Алексей Навальныйды белсенді түрде қолдады.
2020 жылы Берлиндегі Шарите клиникасына емделіп жатқан Навальныйға канцлердің өзі көңілін сұрап барған болатын.
Ресейге оралған Навальныйдың қамауға алынғанын естіген сәтте-ақ Германияның сол кездегі канцлері Ангела Меркель Ресей билігін оны босатуға шақырған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: