Ангела Меркельдің макияжына бюджеттен 30 000 еуро жұмсалған
Бір жылда Ангела Меркельдің макияжына және шашына Германия бюджетінен 30 000 еуро жұмсалған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ангела Меркель 2021 жылы Германия канцлері қызметінен кетіп, содан бері зейнетақы алады.
Мемлекет отставкадағы канцлер Кеңсесін де төлейді. Меркель Германияның өкілі ретінде көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде оның имиджіне кететін шығын да мемлекет бюджетінен төленеді.
«Германияға балама» әсіре оңшыл партиясы Германия үкіметіне биылғы жылдың басынан бері экс-канцлердің визажистері мен шаштараздарына қанша ақша жұмсалғаны туралы сауал жолдаған.
Министрлер кабинеті «штаттан тыс макияж бен шаш көмекшісін пайдалануға 29 416,99 еуро шығын жұмсалды» деп жауап берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: