АҚШ билігі Google компаниясымен соттасып жатыр
АҚШ үкіметі Google компаниясына қарсы сотқа шағым түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
,Бұл туралы ВВС ақпарат агенттігі жариялады.
Вашингтон сотында басталған сот шамамен 10 аптаға созылады.
Америка билігі Google компаниясын Apple және Samsung сияқты жетекші технологиялық компанияларға бәсекені тежеп, өз шарттарын таңу арқылы билігі мен ұстанымын асыра пайдаланып, интернеттегі іздеу құралдары нарығында үстемдік етті деп айыптады.
Талапқа сәйкес, олар үлкен шығынға қарамастан, өз құрылғыларында Google іздеу жүйесін орнатуға мәжбүр.
АҚШ-тың Әділет министрлігі бұл талапты дайындауға үш жыл жұмсады, ал Google өз құқықтарын қорғау үшін миллиондаған долларға үш тәжірибелі заң фирмасын жалдады.
Компания нарықта ең жақсы іздеу жүйесі болғандықтан ғана үстемдік ететінін дәлелдегісі келеді.
Google-ға қарсы талап - Вашингтондағы трансұлттық алпауыттар мен билік арасындағы қақтығыстардың бірі.