Әлем18 ақпан 2024, 12:00

АҚШ Эстонияға тәркіленген ресейлік активтердің шамамен 500 мың долларын берді

АҚШ Украинаны қалпына келтіру үшін Эстонияға тәркіленген ресейлік активтердің шамамен 500 мың долларын берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы DW телеграм арнасы жариялады.

АҚШ Әділет министрлігі бұл қаражатты өткен жылдың наурыз айында контрабанда ісінің бөлігі ретінде тәркілеген: қылмыскерлер Ресей Федерациясына әскери өнеркәсіпте, оның ішінде ядролық өндірісте және қару-жарақ өндірісінде де  қолдануға болатын жоғары дәлдіктегі америкалық тегістеу станогын әкелмек болған.

Қылмыс АҚШ-та тоқтатылғанымен, бұл схемаға Эстониядан келген кәсіпорын тартылған. Таллин Вашингтонға осы қылмысқа айыпталған Эстонияда тұратын адамды экстрадициялады.

АҚШ әділет министрлігі атап өткендей, қаражатты осы Балтық жағалауындағы елге аудару туралы шешім қабылданды, өйткені «қазіргі жағдай Украинаға тікелей аударуға мүмкіндік бермейді».

Эстония бұл ақшаны Украинаның энергетикалық жүйесін қалпына келтіруге жұмсамақ.

Бұл АҚШ-тың тәркіленген қаражатты Украинаға аудару үшін шетелдік одақтастарына бірінші рет аударып отырғаны, делінген Әділет департаментінің мәлімдемесінде.

АҚШ Эстония ресейлік активтер Украинаға көмек
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар