Әлем13 желтоқсан 2023, 10:00

АҚШ Конгресі Ресейден уран импортына тыйымды мақұлдады

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Ресей Федерациясынан уран импортына тыйым салуды  мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Заң жобасы 2040 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ресейде немесе ресейлік компаниялар өндірген таусылған уранды Америка Құрама Штаттарына әкелуге тыйым салады.

Бастаманы республикалық және демократиялық партиялардың өкілдері мақұлдады, деп жазады The Hill.

Заң жобасын Сенат мақұлдап, АҚШ президенті Джо Байден қол қойған жағдайда шектеулер күшіне енеді.

АҚШ уран Ресей тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар