АҚШ Мемдепартаментін ресейлік банктерді SWIFT-тен ажыратуды ұсынған сенатор басқаруы мүмкін
Фото: Michael Brochstein/ZUMAPRESS/picture alliance
picture alliance
Әлем8 қараша 2024, 17:34

АҚШ Мемдепартаментін ресейлік банктерді SWIFT-тен ажыратуды ұсынған сенатор басқаруы мүмкін

АҚШ Мемлекеттік департаментін 2014 жылы ресейлік банктерді SWIFT-тен ажыратуды ұсынған сенатор басқаруы мүмкін. Флоридадан келген сенатор Марко Рубио Дональд Трамп тұсында АҚШ-тың жаңа Мемлекеттік хатшысы болуы мүмкін, деп хабарлайды The Hill және Politico. 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін Рубио ресейлік банктерді SWIFT халықаралық төлем қызметі жүйесінен ажыратуға шақырған, - деп хабарлайды Arbat.media.

2022 жылдың қаңтарында, Ресейдің Украинаға қарсы ауқымды агрессиясы басталмай тұрып, республикашыл өз үндеуін қайталады.

2022 жылдың наурыз айының басында Рубио республикашыл сенатор Час Грасслимен бірге барлық ресейлік мемлекеттік кәсіпорындарға кең ауқымды санкциялар енгізуді ұсынды.

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін Рубио Украинадағы соғыс «тұйыққа тірелді» және оны тоқтату керек деді.

Сонымен бірге ол «украиндықтардың ресейлік агрессиядан қорғану үшін керемет батыл және күшті болғанын» атап өтті.

SWIFT Марко Рубио АҚШ Мемдепартаменті басқару

Тақырыпқа жаңалықтар