АҚШ Палестинаның БҰҰ мүшелігіне вето қойды
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің 12-сі Палестина мемлекетін БҰҰ-ға қабылдауға дауыс берді. Ұлыбритания мен Швейцария қалыс қалды, ал АҚШ оған қарсы болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Америка Құрама Штаттары екі мемлекетті шешімді табанды түрде қолдауды жалғастыруда. Бұл дауыс беру Палестина мемлекеттілігіне қарсылықты көрсетпейді, бірақ оның тек тараптар арасындағы тікелей келіссөздер арқылы болатынын мойындау", - деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Роберт Вуд.
БҰҰ-ның 193 мүшесінің ішінде Палестинаны 139 мемлекет тәуелсіз мемлекет ретінде таныған.
Германия олардың қатарында емес.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: