Әлем28 наурыз 2024, 12:34

АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға мұнай жеткізуге тосқауыл қойғысы келеді

АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға мұнай жеткізуге тосқауыл қойғысы келеді. Бұл елдер жаңа жұмыс тобын құрды, оның мақсаты — Солтүстік Кореяның БҰҰ санкцияларын айналып өтіп мұнай алуына жол бермеу, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мұнай Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық дамуы мен әскери қуаты үшін маңызды ресурс болып табылады», - делінген Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде.

Дипломатия, барлау, санкция және теңіз жеткізіліміне жауапты министрліктер мен ведомстволардың 30-дан астам шенеунігі қатысқан жиында Мәскеу мен Пхеньян арасындағы ынтымақтастықты тоқтату жолдары талқыланды. Мүмкін болатын шаралар ретінде қайталама санкциялар, сондай-ақ жеке сектордағы компанияларды бақылау қарастырылуда.

Еске салайық, БҰҰ Солтүстік Кореяға жылына 4 миллион баррель шикі мұнай мен 500 мың баррель мұнай өнімдерін импорттауға рұқсат берген. Бірақ комиссия Солтүстік Корея туы бар танкерлер 2023 жылдың 1 қаңтары мен 15 қыркүйегі аралығында 1,5 миллион баррельден астам мұнай өнімдерін жеткізген болуы мүмкін екенін анықтады.

Жерсеріктен түсірілген суреттер Солтүстік Кореяның мұнай танкерлерінің, соның ішінде санкцияға ұшырағандардың соңғы кездері Ресей порттарына барғанын көрсетті.

АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Корея Мұнай тосқауыл

Тақырыпқа жаңалықтар