АҚШ қорғаныс министрі Киевке келді
АҚШ қорғаныс министрі Киевке келді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Пентагон басшысы Ллойд Остин Украинаға сапармен келді.
Остин әлеуметтік желіде: «Мен бүгін маңызды хабарды жеткізу үшін келдім: Америка Құрама Штаттары қазір де, болашақта да Ресейдің басқыншылығына қарсы бостандық үшін күресінде Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырады», - деді.
Остин Украина басшылығымен келіссөздер жүргізіп, Ресей агрессиясы аясында «АҚШ-тың үздіксіз қолдауын» қуаттап, Украина қарулы күштерінің ұзақ мерзімді болашағын, соның ішінде қарулы күштерді жауынгерлік әлеуетпен қамтамасыз етуді талқыламақшы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: