АҚШ-та профессор жолын бөгеген экобелсенділерді атып өлтірді
Америкалық профессор жолын бөгеген экологиялық белсенділерді атып өлтірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кеннет Дарлингтон, 77 жаста, отставкадағы заңгер және Панамадағы Истмо университетінің заң профессоры.
Оның АҚШ және Панаманың қос азаматтығы бар.
Сейсенбі күні түстен кейін ол Панаманың Чаме қаласына жақын маңдағы тас жолда келе жатқанда жолды қоршаған ортаны қорғау белсенділері жауып тастады.
Олар даулы тау-кен туралы заң жобасына қарсы шықққан болатын.
Шерушілер арасында ерлі-зайыптылар Абдиэль Диас пен Иван Мендоза да болған.
Дарлингтон көліктен түсіп, оларға тапанша кезеп, екеуін де атып өлтірді.
Қылмыскер ұсталды, ол сотқа тартылады. Ол бұған дейін заңсыз қару сақтады деп айыпталған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: