АҚШ-та сот залында судьяға шабуыл жасалып, сойқан төбелес болды
АҚШ-та сот залында судьяға шабуыл жасалып, сойқан төбелес болып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің бірінің басын жарды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Лас-Вегаста 30 жастағы қайталап қылмыс жасаған Деобра Делоне Редден сот алдына келді. Оған денсаулыққа ауыр зиян келтірмек болды деген айып тағылды. Ер адам соттан өзін ақтап, босатуды сұрады. Судья Мэри Кей Хольтус оны түрмеге жабу туралы үкім шығарды.
Бұған жауап ретінде ер адам өз мінберінен секіріп өтіп, судьяның тұғырына ұмтыла келе, судьяға шабуыл жасаған.
Тәртіп сақшылары араша түсіп, ажыратуға асықты. Ақыры төбелес болып, төрде тұрған АҚШ пен Невада штаттарының туы құлап қалды. Судья жеңіл жарақат алды, Делоне Редден құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің бірінің басын жарып, иығы шығарып жіберген.
Нәтижесінде Деобра Делоне Редденге бір айыптың орнына 13 жаңа айып тағылды.