АҚШ-тағы сайлаудан кейін Иран Израильге шабуыл жасауы мүмкін
Фото: ВВС
ВВС
Әлем3 қараша 2024, 12:35

АҚШ-тағы сайлаудан кейін Иран Израильге шабуыл жасауы мүмкін

АҚШ-та 5 қарашада өтетін президент сайлауынан кейін Иран Израильге шабуыл жасауы мүмкін. Иран халқының рухани көсемі аятолла Али Хаменеи қарымта шабуыл жойқын болады деп мәлімдеді. Естеріңізде болса, Израиль әскері қазан айының соңында Иранның стратегиялық нысандарына соққы жасады. Шабуыл кезінде Тегеран мен Батыс Ирандағы әскери базалар шығынға ұшыраған болатын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы 24 kz хабаралады.

Еске салсақ, Израиль әскерилері Ирандағы әскери нысандарға әуеден соққы жасады. Израиль билігі әуе соққысы Ирандағы әскери нысандарға дәл тиіп жатқанын мәлімдеді. Израиль әскері Иранның маңызды деген қорғаныс өнеркәсібінің орталық әскери нысандарына, соның ішінде зымыран зауыттары, ұшқышсыз ұшақтарды әзірлеу және өндіру нысандары және баллистикалық зымырандарды ұшыру базаларына соққы берген.

 

АҚШ сайлау Иран Израиль Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар