АҚШ-тың B-1B бомбалаушы ұшағы апатқа ұшырады
Америкалық B-1B Lancer стратегиялық бомбалаушы ұшағы Оңтүстік Дакотадағы Эллсворт әуе күштерінің базасына қону кезінде апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы uza.uz жария етті.
АҚШ Әскери-әуе күштерінің жаһандық соққы беру қолбасшылығының дерегінше, бортта төрт ұшқыштан тұратын экипаж болған. Олардың барлығы сәтті шығарылды және ешкім зардап шекпеді.
Апат жергілікті уақыт бойынша бейсенбі күні кешке оқу-жаттығу рейсі кезінде болған. Ұшақтың қонуына ауа райының қолайсыздығы мен қатты аяз кедергі келтіргені айтылады хабарламада.
Қазіргі кезде апаттың себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: