Әлем10 қараша 2023, 15:00

АҚШ Украинаға бөлінген қаражаттың 96 пайызын жұмсап үлгерді

АҚШ Украинаға көмектесу үшін бөлінген қаражаттың 96 пайызын жұмсап үлгерді, - деп хабарлайды Arbat.media.

АҚШ билігі Конгресс бекіткен қаражаттың барлығын дерлік Украинаға көмектесу үшін жұмсады, деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джон Кирби.

«Соғыс басталғалы бері Украинаға бөлінген қаражаттың жалпы сомасы - бұл 60 миллиард доллардан астам және біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ғана емес, сонымен қатар экономикалық, қаржылық және гуманитарлық көмек туралы айтып отырмыз - біз шамамен 96% жұмсадық», - деді ол.

Кирби АҚШ президентінің Киевке қосымша көмек көрсету туралы өтінішін мақұлдау қажеттігін тағы да атап көрсетті.

Байден Конгрестен Украинаға тағы 61,4 миллиард доллар сұрады.

96 пайыз АҚШ Украинаға көмек қаражат

Тақырыпқа жаңалықтар