АҚШ: «Вагнер» Хезболлаға немесе Иранға әуе қорғаныс жүйелерін бермек болды
АҚШ барлауының мәліметінше, «Вагнер» Хезболлаға немесе Иранға әуе қорғаныс жүйелерін бермек болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің спикері Джон Кирби журналистерге: «Бізге жеткен ақпарат вагнершілер Ресей үкіметінің нұсқауымен «Хезболлаға» немесе Иранға әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын беруге дайындалып жатқанын көрсетеді. Оның айтуынша, бұл әскери саладағы Ресей-Иранның «бұрын-соңды болмаған» ынтымақтастығы аясында болды.
Қараша айының басында The Wall Street Journal да АҚШ барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, "Вагнер" "Панцир" зениттік кешенін Хезболла қозғалысына беруі мүмкін екенін хабарлаған еді.
паған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: