АҚШ ядролық қаруды ЖИ бақылауына бермеуге шақырды
Америка Құрама Штаттары ЖИ-ға ядролық қаруды бақылауға бермеуге шақырды. Вашингтон Қытай мен Мәскеуді жасанды интеллектті ядролық қаруды қолдану туралы шешімдерден аулақ ұстауға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің қару-жарақты бақылау бюросы басшысының орынбасары Пол Дин мәлімдеді.
Ол Америка Құрама Штаттары «ядролық қаруды қолдану туралы шешімді ешқашан жасанды интеллектке бермейтінін» айтты.
Диннің айтуынша, Франция мен Ұлыбритания да солай жасады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: