Әлем17 қараша 2023, 15:36

Арменияда мемлекеттік университетте жарылыс болды

Ереван мемлекеттік университетінің 1-ші корпусының ең төменгі қабатында өрт тұтанып, артынша жарылыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Арменпресс» басылымы жариялады.

«Өрт сөндірілді, тиіс амалдардың бәрі істеліп жатыр. Кейінірек біз қосымша мәлімдеме жасаймыз», - деді Мисакян.

Өртке, болжам бойынша электр желісіндегі ақау себеп болғанын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі жарылыстан зардап шеккендер бар екенін хабарлады.

Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендердің үшеуі ауруханаға жатқызылды. Оларға қажет медициналық көмектің бәрі көрсетіліп жатыр, науқастар тексерістен өтеді.

Жарылыстан қаза тапқан адам бар. Зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Ереван мемлекеттік университет Жарылыс

Тақырыпқа жаңалықтар