Әлем13 қараша 2023, 10:13

Ата-аналар жиналысына келген әке қарулы қылмыскерді ұстап алды

Ата-аналар жиналысына келген әке қарулы қылмыскерді ұстап алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жұма күні түстен кейін Германияның оңтүстігіндегі Оффенбург қаласында 15 жастағы оқушы мектепке тапанша, оқ-дәрі және Молотов коктейлін алып келіп, бір оқушыны атып өлтірген.  зәресі ұшқан мұғалімдер мен қалған 180 оқушы кабинеттерге тығылып қалған.

Оқиға орнына полицияның элиталық күші келген.

Бірақ олар келгенге дейін бір отбасының әкесі Сабах Аюб атқышты тоқтатып үлгерді.

Сегіз жасар егіз баланы тәрбиелеп отырған әке мектепке ата-аналар жиналысына келген екен. Ол қылмыскерді мектептің дәлізінде кездестірген.

«Тапанша ұстаған бала қасыма келді. Мен оған: «Қаруыңды жерге таста!» дедім. Ол тапаншасын лақтырып жібергенде, мен лезде оның қолын қайырып, жерге жатқызып, үстінен басып отырдым», - деді Аюб RTL телеарнасына.

Ол қылмыскерді еденге құлатып, арқасын тізесімен басып отырған. Бірнеше минуттан кейін полиция да жеткен.

Германия Мектеп Қылмыс Атыс

Тақырыпқа жаңалықтар