ӘлемБүгін, 16:38

Ауғанстан 58 пәкістандық сарбазды атып тастады

Сенбіден жексенбіге қараған түні Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қақтығыстар болды. Ауған тарапының мәлімдеуінше, нәтижесінде 58 пәкістандық сарбаз қаза тауып, тағы 30-ы жараланған, деп хабарлайды Arbat.Media Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Пәкістан армиясының 25 бекеті басып алынғаны айтылды. Бұл туралы Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид Кабулдегі баспасөз мәслихатында хабарлады.

"Ауғанстанның барлық ресми және бейресми шекарасындағы жағдай толық бақылауда. Заңсыз әрекеттердің басым бөлігіне жол берілмей отыр", - деді Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы.

Анықтама: Пәкістан мен Ауғанстан Дюранд сызығы деп аталатын шекараны бөліседі, оны Кабул ресми түрде мойындамайды. Дюранд сызығы - Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы ұзындығы 2640 шақырым, іс жүзінде толық белгіленбеген шекара. Ол Ұлыбритания британиялық Үндістанды кеңейтуге тырысқан екі англо-ауған соғысының нәтижесінде пайда болды. Бұл сызық - 1893 жылы ауған әмірі Абдуррахман мен үнді отарлық әкімшілігінің хатшысы сэр Мортимер Дюранд арасындағы келіссөздердің қорытындысы.

Ауғанстан Пәкістан Сарбаз соққы

Тақырыпқа жаңалықтар