Ауғанстанда Пәкістанның әуе соққыларынан 400 адам қаза тапты
Ауғанстанда Пәкістанның әуе соққыларынан 400 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әуе соққысы Кабулдағы реабилитациялық орталыққа түскен. 2000 төсек-орынға арналған орталық ғимараты қатты зақымданған.
Сондай-ақ тағы 250-ден аса адам жарақат алды.
"Талибан" мұны "қылмыс әрі адамгершілікке жат әрекет" деп айыптады.
Алайда Пәкістан соққылар тек Кабул мен Нангархар провинциясындағы әскери нысандарға бағытталғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: