Ауғанстандағы су тасқынынан 300-ден астам адам қаза тапты
Ауғанстандағы су тасқынынан 300-ден астам адам қаза тапты. БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері елдің солтүстік-шығысында жауған жауын-шашын салдарынан болған су тасқыны 1000-нан астам үйді қиратып, зардап шеккен аудандардың көпшілігіне жүк көліктері кіре алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Елдегі билеуші радикалдық исламдық қозғалыс «Талибан» қозғалысының мәліметінше, 12 мамырға дейін қаза тапқандар саны 315 адамға жетіп, 1600-ден астам тұрғын жараланған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: