Ауғанстандағы жер сілкінісінен 2 мыңнан астам адам қаза тапты
Ауғанстандағы жер сілкінісінен 2 мыңнан астам адам қаза тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сенбі күні таңертең 272 мың адам тұратын Герат қаласынан 42 шақырым жерде магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі болды.
Бірінші жер сілкінісінен кейін магнитудасы 4,3-тен 6,3-ке дейін болатын тағы бірнеше жер сілкінісі болды.
Құрбандар саны артып жатыр: көбі әлі үйінді астында жатыр, дейді құтқарушылар.
AFP атап өткендей, Ауғанстан гуманитарлық дағдарыста.
Көптеген халықаралық ұйымдар билік басындағы «Талибан» лаңкестік тобының талаптары салдарынан елде қалмауға мәжбүр болған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: