ӘлемБүгін, 10:38

Аустралияда жағажайдағы атысты әкесі мен ұлы ұйымдастырған болып шықты

Олар ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) ұйымына ант берген екен. Ал олардың көлігінен ұйымның туы табылған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Күдікті 24 жастағы Навид Акрам бұған дейін де құқық қорғау органдарының бақылауына іліккен. Қазір оның жағдайы ауыр. Ал әкесі, 50 жастағы Саджид Акрам, оқиға орнында атып өлтірілген.

Желіде Навил Акрамның атысқа тиянақты дайындалғаны айтылып жатыр. Себебі желіде тараған видеодан оның көшеде үздіксіз оқ атқанын және адамдарға дәл тигізгенін байқауға болады. Сол сәтте қырғынды дүкен иесі Ахмед әл-Ахмед тоқтатқан. Ол қаруы болмаса да күдіктіге төтеп беріп, тапаншасын тартып алған. Екі жерден оқ жарақатын алған ол ауруханада жатыр.

Бұған дейін Аустралияда жағажайда мереке тойлау кезінде террорлар атыс жасап, 16 адам қаза тапқан еді. Олар 6 минут ішінде 100-ден астам оқ атқан.

АҚШ Атыс террор ұйым

Тақырыпқа жаңалықтар