Австралиялықтар аборигендерді конституциялық тұрғыдан тануға қарсы
Австралиялықтар абориген халықтарын конституциялық тұрғыдан тануға қарсы, - деп хабарлайды Arbat.media.
Аустралия тұрғындары референдумда аборигендер мен Торрес бұғазы аралдарының халықтарына ел конституциясында арнайы дауыс беру құқығының берілуіне қарсы шықты.
Бюллетеньдердің жартысы саналып болғаннан кейін тұрғындардың 58,1 пайызы «қарсы», 41,9 пайызы «мақұл» деп дауыс берді.
Плебисциттің сәтсіздігін Австралияның премьер-министрі Энтони Албанезе де мойындады.
Ол аборигендердің құқықтарын конституцияда бекітуді белсенді түрде жақтаған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: