Әлем12 ақпан 2024, 14:23

Австрияда мас шаңғышылар еңісті жауып тастады

Австриядағы атақты Ischgl тау шаңғысы курортында Après-Ski («Шаңғыдан кейін») кеші өткізіліп, спорт күнін аяқтаған шаңғышылар күн батқанда ішімдікке тойып алып, еңісте отырып алған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Соның кесірінен ондаған мас адамдар таудан шаңғымен түсіп келе жатқандарға бөгет келтірді.

Олардың арасынан өтіп кету қиынға соққан.

Біреулері қарда ойына келгенін істесе, енді біреуі қарға жатып, орнынан тұра алмай қалған.

Әлеуметтік желілерде элиталық демалыс орнында мас шаңғышылар түсірілген видеоны 50 миллионнан астам адам қараған. 

Австрия Ischgl мас шаңғышылар Après-Ski

Тақырыпқа жаңалықтар