Әзірбайжан мен Армения бірін-бірі атысқа қатысты айыптауда
Бакудегі Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Армения әскерилері 12 ақпан күні кешке қару қолданып, Товуз бағытында шекараға жақын Әзірбайжан позицияларына оқ жаудырған, бір әскери қызметкер жараланған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Еревандағы Қорғаныс министрлігі 13 ақпан күні таңертең Әзірбайжанмен шығыс шекарадағы Неркин Ханд ауылы маңында Әзірбайжанның атқылауынан екі армян сарбазының қаза тауып, басқаларының жараланғанын хабарлады.
Сонымен бірге Ереван шекаралық аймақтың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Әзірбайжан позицияларын атқылағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: