Әзірбайжан мен Армения шекараны белгілеу тәртібін талқылады
Фото: Vzglyad.az
Vzglyad.az
Әлем2 қараша 2024, 10:00

Әзірбайжан мен Армения шекараны белгілеу тәртібін талқылады

Әзірбайжан мен Армения шекарасында екі елдің вице-премьерлерінің төрағалығымен мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның 10-шы кездесуі өтті. Кездесуде Әзірбайжан Премьер-министрінің орынбасары Шахин Мұстафаев пен Армения Премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян делимитациялық жұмыстарды одан әрі жүргізу үшін шекара учаскелерінің кезегі мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тараптар делимитациялық жұмыстарды жүргізу тәртібі бойынша тиісті нұсқаулықтардың жобалары бойынша пікір алмасты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Әзірбайжан мен Арменияның делимитациялық комиссияларының регламенті 1 қарашада күшіне енетіні айтылды. Екіжақты комиссияның кездесуі аяқталғаннан кейін вице-премьерлер көлік коммуникациялары мәселелерін бөлек талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел комиссиясының кезекті отырысын өткізу күні мен орнын жұмыс тәртібіне сәйкес белгілеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

25 қазанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзірбайжан мен Армения арасындағы шекараны делимитациялау және қауіпсіздік жөніндегі комиссияның бірлескен қызметі туралы ережені бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

24 қазанда Армения президенті Ваагн Хачатурян армян-әзірбайжан шекарасын делимитациялау ережесін ратификациялау туралы заңға қол қойды. 23 қазанда Армения Парламенті жоғарыда аталған ережені бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

 

 

Әзірбайжан Армения шекара белгілеу

Тақырыпқа жаңалықтар