Байден Израильге «бұрын-соңды болмаған» көмек көрсететінін жариялады
Байден Израильге «бұрын-соңды болмаған» көмек көрсететінін жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы АҚШ президенті Тель-Авивке сапары кезінде мәлімдеді.
Сондай-ақ ол Газа секторындағы аурухананы бомбалаумен байланысты Израильге тағылған айыптарды тағы да жоққа шығарды.
«Бізде бар ақпаратқа сүйенсек, Газа секторындағы ауруханадағы жарылыс лаңкестік топ қателесіп ұшырған зымыранның салдары сияқты», - деді Байден.
Байден, сондай-ақ, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы және Газа секторындағы да палестиналықтарға гуманитарлық көмек ретінде 100 миллион доллар бөлетінін айтты.
Израильмен Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді, деп қосты ол.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: