Бангладеш парламенті таратылды
Бангладеш парламенті премьер-министр шейх Хасина қашып кеткен соң таратылды. Осылайша ел президенті Шахабуддин Чуппу наразылық білдірген студенттердің басты талабын орындады. Президент әкімшілігі таратқан баспасөз хабарламасында Хасинаның отставкаға кетуінен кейін уақытша үкімет құру үшін ұлттық парламент таратылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Осы ретте «Студенттер кемсітушілікке қарсы» қозғалысының жетекшісі Нахид Ислам 2006 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты, экономист Мұхаммед Юнусты уақытша үкіметтің басшысы етіп тағайындауды ұсынды. Бүкіл әлемге танымал Юнус өз елінде «кеңінен танылды», деді ол бейне үндеуінде.
Екі күн бұрын 170 миллиондық елді 15 жыл басқарған 76 жастағы шейх Хасина Бангладештен кетіп қалды.
Сол күні үкіметке қарсы наразылар Хасинаның ресми резиденциясына басып кірді.
Бангладеште шілдеде наразылық шерулері басталғаннан бері жүздеген адам қаза тапты, полиция деректері бойынша тек 5 тамызда шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыстарда кемінде 109 адам қаза тапты.
Бангладеште үкімет жұмысына квота жүйесін тоқтатуды талап еткен шерулер шілде айында басталды.