Бангладештегі наразылық: Премьер-министр тікұшақпен қашып кетті
Фото: MUNIR UZ ZAMAN/AFP/Getty Images
MUNIR UZ ZAMAN/AFP
Әлем6 тамыз 2024, 10:12

Бангладештегі наразылық: Премьер-министр тікұшақпен қашып кетті

Бангладеште үкіметке қарсы демонстранттар 76 жастағы премьер-министр шейх Хасинаның ресми резиденциясына басып кірді. Ел армиясының қолбасшысы Вакер Уз-Заман отставкаға кететінін және уақытша үкіметтің құрылғанын хабарлады. Хасинаның өзі, БАҚ хабарлауынша, оның резиденциясына шабуыл жасамас бұрын, Үндістанға әскери тікұшақпен ұшқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шілде айында Бангладеште мемлекеттік қызметке квота жүйесін тоқтатуды талап еткен студенттер шерулері басталды.

21 шілдеде елдің Жоғарғы соты квоталарды қысқарту туралы шешім шығарды. Алайда үкіметтің наразылық білдірушілерге қарсы күш көрсетуі салдарынан 300-ге жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды БАҚ.

Осыдан кейін наразылықтар елді 15 жылдан астам басқарған Хасинаны биліктен кетіру науқанына ұласты. Бірнеше апта бойы жалғасқан наразылықтарда 11 мыңнан астам адам қамауға алынды.

 

премьер-министр Тікұшақ Бангладеш Наразылық

Тақырыпқа жаңалықтар