БАҚ: Курск облысында 80-нен астам ресейлік әскер жоғалып кеткен
Фото: Yan Dobronosov/REUTERS
REUTERS
Әлем24 тамыз 2024, 10:45

БАҚ: Курск облысында 80-нен астам ресейлік әскер жоғалып кеткен

Курск облысында 80-нен астам ресейлік әскери қызметші жоғалып кеткен. Британдық BBC медиа компаниясы Украина қарулы күштері Курск облысына басып кіргеннен бері туыстарымен байланыста болмаған 81 әскерге шақырылған сарбаздың аты-жөнін анықтады. Олардың кем дегенде 38-і тұтқында, тағы 19 және 22 жастағы екі сарбаз қайтыс болды, деп таратты ВВС. Хабарсыз кеткендердің көпшілігі 488-ші мотоатқыштар полкінде қызмет еткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мәтінде Украинаның Ресей аумағындағы шабуылы кезінде қаза тапқандардың нақты санын анықтау мүмкін емес екені атап өтілген.

"Важные истории" басылымының хабарлауынша, Курск облысында 84 әскерге шақырылған сарбаз жоғалып кеткен, тағы 45 сарбаз Украина тұтқынында.

Кем дегенде үш әскерге шақырылған жауынгер қайтыс болды, бірақ Курск маңында әскерге шақырылғандардың қайтыс болғаны туралы тексерілмеген мәліметтердің саны көбірек, деп жазады журналистер.

Курск облысы жоғалып кеткен ресейлік әскер

Тақырыпқа жаңалықтар