БАҚ: Украина Ресей аумағына Батыс қаруымен шабуыл жасап үлгерді
Украина Ресей аумағына Батыс қаруымен шабуыл жасап үлгерді. Украина қарулы күштері Ресей аумағындағы Краснодар маңындағы нысандарға соққы беру үшін шетелдік қаруды пайдаланды, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі аты аталмаған дереккөздерге сілтеме жасап, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл ретте соққының нақты қандай нысанаға алынғаны және оның қандай қарудан жеткізілгені көрсетілмеген.
Бұған дейін немістің Bild басылымы да дереккөздерге сілтеме жасай отырып, украин әскерлері Ресей аумағына шабуыл жасау үшін, кем дегенде, бір рет Германиядан жеткізілген Патриот жүйесін пайдаланғанын жазған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: