БАҚ: ХАМАС жетекшісі тірі және байланысқа шықты
Бірқатар БАҚ Палестина радикалды ХАМАС қозғалысы Саяси бюросының басшысы Яхья Синвардың тірі екенін және ұзақ үнсіздіктен кейін байланысқа шыққанын хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Яхья Синвар 31 шілдеде Иранның жаңа президентінің инаугурациясына бара жатып, Тегерандағы қонақ үйдегі жарылыстан қаза тапқан Исмаил Ханияның ХАМАС-тағы мұрагері болды, жазды ТАСС, - деп хабарлайды Arbat.media.
Walla порталының сұхбаттасушысы — израильдік шенеуніктің айтуынша, Синвар соңғы күндері Катардағы ХАМАС өкілдерімен байланысын қалпына келтіріп, оларға хабарламалар жібергенБұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Израиль шенеунігі ХАМАС жетекшісінің хабарламаларды нақты қашан жібергені белгісіз екенін айтты. Бірақ оның хабарламаларында Газа секторында кепілге алынғандарды босату жөніндегі келіссөздердегі ұстанымының жұмсарғаны көрсетілмегенін атап өтті.
ХАМАС-тың жаңа басшысы Израильмен бітімге келгісі келетінін жазған болатынбыз.
7 қазанда Палестинаның Хамас қарулы тобының шабуылынан туындаған Газа секторындағы әскери қақтығыстың басталғанына бір жыл толды.