Әлем8 қаңтар 2024, 9:00

Батыс Украинаға Ресейге шабуыл жасауға неге қару бермейді? Сарапшылар пікірі

Сарапшылар "Неліктен Батыс Украинаға Ресей Федерациясына шабуыл жасау үшін қару бермейді?" деген сұраққа пікірлерін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Алыс қашыққа ұшатын қару-жарақ, мысалы, "Таурус" зымырандарын жеткізу мәселесінде Берлин Вашингтонның шешімдерін басшылыққа алады", - дейді Мюнхен қауіпсіздік конференциясының сарапшысы Нико Ланге.

Ал киевтік әскери сарапшы Сергей Грабский шектеудің саяси себебі «Батыс ядролық әлеуеті бар ел - Ресейді арандатқысы келмейтініне» екеніне сенімді.

"Батыс өз қаруын Украина аумағында шектей отырып, Украина Қарулы күштерінің сәтсіз шабуылына жауапкершілікті өз мойнына алады" деп, Украина Батысты кінәлай ала ма?

Тарихшы және Австрия армиясы Бас штабының офицері, полковник Маркус Райснер DW-ге берген сұхбатында тікелей емес шектеулерге назар аударды.

«Қолында бар бүкіл әскери құралдардың бәрін жібере бермейді. Бірақ шегені балғасыз қағу өте қиын», - дейді Райснер.

Оның пікірінше, көптеген Батыс елдерінің қорқынышы көбінесе таза эгоизмге негізделген, яғни бұрынғы өміріне оралып, Ресеймен бизнесін жүргізе беру. Дегенмен сарапшы бұның уақыты өтіп кеткеніне сенімді. 

сарапшылар батыс Украинаға көмек Ресейге шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар