Беларусь еуропалықтарға визасыз режим жариялады
Беларусь Республикасының билігі 19 шілдеден бастап Еуропаның 35 елінің азаматтары үшін біржақты тәртіппен визасыз режим енгізеді, деп хабарлады елдің шекаралық комитеті. Бұл шешімді Беларусь билеушісі Александр Лукашенко мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Беларусь ЕО-ның барлық елдерінің, сондай-ақ Норвегия, Ұлыбритания, Швейцария, кейбір Балқан елдері мен шағын Еуропа мемлекеттерінің азаматтарына елде 30 күнге дейін болу мүмкіндігімен визасыз кіруді ұсынады. Оларға Ресейден басқа елдерге де транзитпен өтуге рұқсат берілген. Олардың мұны қалай бақылауды жоспарлап отырғаны хабарланбаған.
Айта кетсек, бұған дейін Польша, Литва және Латвия азаматтарына Беларуське визасыз кіруге рұқсат етілген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: