Әлем19 ақпан 2024, 13:34

Берлиналеде нейрофиброматозбен ауыратын актер өнер көрсетті

Британдық актер Адам Пирсон 39 жаста. Ол қазірдің өзінде ондаған фильмдерде, соның ішінде «Менің орнымда болып көр» (2013) фильмінде ойнады. Күні кеше Берлиналеде оның қатысуымен A Different Man фильмінің тұсауы кесілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол фильде Себастиан Стэн мен Ренате Реинсве (фотода) де ойнады. Режиссері Аарон Шимберг.

Бес жасынан бері Пирсон сирек кездесетін генетикалық ауру — нейрофиброматозбен ауырады. Дерт бала кезінде басын соғып алғаннан кейін кезде пайда болды, ал оның маңдайындағы ісік сол күні қайтпаған. Содан бері оның бетін көптеген қатерсіз ісік жаулап алған.

Әлемде бұл диагнозбен бірнеше миллион адам ауырады. 

Пирсон сыртқы келбетіне байланысты жиі мазаққа ұшырайтынын айтады.

Оны A Different Man фильмінің түсірілім алаңындағы америкалықтардың достық қарым-қатынасы таң қалдырған.

Түсірілім Нью-Йоркте өтті. Актер үнемі таңғы асын өзіне жайлы дәмханада ішіп, сондай-ақ ешкім мазақ етпейтін тыныш кафе тауып алған. 

Берлинале Адам Пирсон нейрофиброматоз A Different Man
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар