Берлинде дәрігер төрт науқасты өлтірді деген күдікке ілінді
Берлинде дәрігер төрт науқасты өлтірді деген күдікке ілінді. Тергеушілердің айтуынша, дәрігер олардың үйін де өртеп жібермек болған, ізін жасыру үшін болса керек. 39 жастағы паллиативтік көмек дәрігері уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның уәждері анықталуда. Қылмыстар 11 маусым мен 24 шілде аралығында Нойкёльн мен Плентервальд аудандарында орын алған, ал қайтыс болған науқастар 72 мен 94 жас аралығындағы адамдар, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сәуір айының соңында Берлиндегі Шарите клиникасының бұрынғы кардиологына үкім шығарылды, ол 2021-22 жылдары ауыр науқастарды реанимация бөлімінде дәрі-дәрмектің артық дозасын қолданып өлтірген, деп жазады dpa агенттігі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: