Берлинде иврит тілінде сөйлейтін жұпты соққыға жыққан
Берлинде иврит тілінде сөйлейтін жұпты соққыға жыққан. Антисемиттік оқиға Таяу Шығыстан келген көптеген адамдар тұратын Нойкёльн ауданында түн ортасы шамасында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
24 жастағы жігіт пен 27 жастағы қыз Херманнплатц фаст-фуд мейрамханасында кешкі ас ішіп отырған (суретте). Екеуі иврит тілінде сөйлескен.
Келесі үстелде арабша сөйлейтін екі адам отырды. Олар ашуланып, қызға орындық лақтырып, жас жігіттің бетінен ұрып, кейін Зонненаллее көшесіне қарай қашып кеткен.
Берлин полициясы шабуылға қатысты тергеп-тексеруді бастап кетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: