BILD: Францияның жаңа премьер-министрі — Ле Пенге жауап
Жақында 34 жастағы Габриэль Атталь Францияның жаңа премьер-министрі болды. Ол ел тарихындағы ең жас үкімет басшысы, сондай-ақ бұл қызметтегі алғашқы ашық гей, - деп хабарлайды Arbat.media.
BILD шолушысы Альберт Линк Аттальдың ұқсастықтары мен президентпен ұзақ мерзімді ынтымақтастығына байланысты оны «мини-Макрон» деп атайды.
Эмманюэль Макрон оңшылдардың танымалдылығының өсуін тоқтату және президенттік "Жаңару" партиясының рейтингін көтеру үшін Аттальға сенім артты. Жақында Марин Ле Пеннің оңшыл "Ұлттық бірлестік" партиясы әлеуметтік сауалнамаларда оңшылдардың жаңа көшбасшысы 28 жастағы Джордан Барделланың арқасында "Жаңару" париясын шаң қаптырған. Ле Пеннің мұрагері әлеуметтік желілерді саяси науқанға белсенді пайдаланады, оның TikTok-та 1 миллион жазылушысы бар. «Мини-Макрон» Атталь оны өз орнына қою керек», - деп жазады Линк.