Блинкен Палестина автономиясының басшысымен кездесті
Блинкен Рамаллада Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иордан өзенінің Батыс жағалауына күтпеген сапармен келді.
Бір күн бұрын Энтони Блинкен Израильге және Иорданиядағы саммитке барып, Таяу Шығыстың бірқатар елдерінің министрлерімен кездесті.
Осы кездесулерде ол Америка Құрама Штаттарының Израильдің қорғаныс құқығын қолдайтынын, бірақ бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмектің жеткізілуіне мүмкіндік беру үшін Газа секторындағы шайқастарды тоқтатуды жақтайтынын көрсетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: