Bloomberg: Ресейде жаңа мобилизация 2024 жылдың соңында жариялануы мүмкін
Фото: RTVI
RTVI
Әлем14 тамыз 2024, 18:00

Bloomberg: Ресейде жаңа мобилизация 2024 жылдың соңында жариялануы мүмкін

Ресей Федерациясында жаңа мобилизация 2024 жылдың соңында жариялануы мүмкін. Ресей армиясында Украинадағы кең ауқымды соғыс басталғаннан бері ең жоғары деңгейге жеткен майдандағы шығынның орнын толтыру үшін жаңа сарбаздар жеткіліксіз. Бұл туралы Кремль мен Ресей қорғаныс министрлігіне жақын үш дереккөзге сілтеме жасап Bloomberg агенттігі хабарлады. Олардың пікірінше, келісім-шарттағы сарбаздардың көмегімен әскерді толықтыру мәселесін түбегейлі шешу мүмкін емес, - деп хабарлайды Arbat.media.

Агенттік сұхбаттастарының бірінің айтуынша, Кремль жаңа жұмылдыруды майдандағы әскерилердің демалуына мүмкіндік беретін «ротация» ретінде ұсынуы мүмкін.

Тағы бір шенеунік жұмылдыру туралы бұйрық 2024 жылдың аяғында берілуі мүмкін екенін айтты.

Ресейлік экономист Александр Исаков Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында алдағы 12 айда Путинге "Украинаға орналастырылған әскерлердің шығыны мен ротациясының орнын толтыру үшін шамамен 500 мың адам қажет" деді.

Оның пікірінше, қазіргі кадрларды іріктеу стратегиясы жеткіліксіз болады және үкімет «өз назарын әскерге шақырылушыларға аударады».

Ресей Мобилизация

Тақырыпқа жаңалықтар