Борис Писториус: Ресейдің НАТО еліне шабуылы бес-сегіз жылдан кейін мүмкін
Германияның Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ресейдің НАТО еліне шабуылы бес-сегіз жылдан кейін мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Біз Кремльден күн сайын қоқан-лоққы естиміз - жақында Балтық елдеріндегі достарымызға тағы да сес көрсетті. Сондықтан Владимир Путиннің бір күні тіпті НАТО елдерінің біріне шабуыл жасауы мүмкін екенін ескеруіміз керек», - деді Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Tagesspiegel газетіне берген сұхбатында.
Ол сарапшылардың бұл бес-сегіз жыл ішінде мүмкін болады деп болжайтынын, дегенмен тап қазір шабуыл болуы мүмкін деп санамайтынын атап өтті.
Министр, атап айтқанда, қорғаныс өнеркәсібін күшейту арқылы алдын ала шаралар қабылдауға шақырды.
Бұған қоса, ол міндетті әскери қызметті енгізу идеясын алға тартып, сәуір айына дейін министрліктен тиісті ұсыныс күтеді.
Неміс төлқұжаты жоқ сарбаздар үшін қарулы күштерге жол ашуға дайын екенін де айтты.
Біз бұны істейтін Еуропадағы бірінші әскери күш емеспіз. Елде Германияда екінші немесе үшінші ұрпақта тұратын, бірақ әлі неміс азаматтығын алмаған адамдар бар, Қауіптің ауырлығын ескере отырып, қорғаныс қабілетімізді тез арада нығайтуымыз керек», - деді Писториус.