Браун университетіндегі атыста өзбекстандық студент мерт болды
АҚШ-тың Род-Айленд штаты, Провиденс қаласындағы Браун университетінде емтихан кезінде атыс болып, нәтижесінде кемінде екі адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қаза тапқандардың бірі өзбекстандық студент болып шықты. Елдің Сыртқы істер министрлігі марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.
Полиция күдіктіні ұстады. CNN ақпаратынша, күдіктінің жасы шамамен 20-да, оны қонақүй бөлмесінен тапқан. Жанында екі қаруы болған, оның бірі лазерлік нысанамен жабдықталған.
«Не деген сұмдық оқиға. Қазір қолымыздан құрбандар үшін дұға жасау ғана келеді. Бұл масқара жайт», - деді Трамп.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: