Бүлінген жүйке жасушаларын қалпына келтіретін робот жасалды
Адам жасушаларынан жинақталған құйттай робот жүйке талшықтарын қалпына келтіреді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Tanym Media телеграм каналы Nature журналына шыққан мақалаға сілтеме жасап жария етті.
Ғалымдар бүлінген жүйке жасушаларын қалпына келтіре алатын робот жасап шығарды.
Болашақта медицинада антропоботтар мен биоботтар кеңінен қолданылуы ғажап емес.
Пациенттің өз жасушасынан әзірленген антропобот технологиясын артерияны тазалауға, гендік инженерия арқылы тамырға препарат жеткізу үшін пайдалануға болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: