Әлем8 қазан 2023, 12:00

Бундестаг депутатын ресейлік көліктердің тәркіленуі алаңдатты

Бундестаг депутатын ресейлік көліктердің тәркіленуі алаңдатты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оппозициялық «Солшылдар» партиясының парламентарийі Андрей Хунко Германия Сыртқы істер министрлігіне Еурокомиссияның түсініктемелерінде айтылғандай, ресейліктердің Еуроодақ аумағына жеке заттары мен көліктерін әкелуге тыйым салуды Германия үкіметінің қолдайтынын анықтауды сұрап ресми сауал жолдады.

Ал егер олай болмаса, Германия үкіметі жеке заттар мен автокөліктерге қатысты санкцияларды реттеуден алып тастауға келісе ме?

Депутатқа Сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы Томас Баггер жауап берді.

Шенеунік Еурокомиссия ЕО елдерін тыйымды «адекватты және ақылмен» қолдануға шақырғанын еске салды. Өз атынан ол Берлин санкциялық ережелерді «заңдық тұрғыдан мінсіз» ету үшін түзетуді қарастыруға дайын екенін айтты.

Неміс үкіметінің Ресейден келген туристердің жеке гигиеналық заттарын экспроприацияламауға келісуі, әрине, жақсы, деді Андрей Хунко DW арнасына берген сұхбатында.

"Бірақ бұл негізінен жеке көліктерді тартып алуды қолдайды. Мен өз тарапымнан бұл дұрыс емес деп ойлаймын", - деді парламентарий.

Хунконың айтуынша, мұндай тыйым салудың нәтижесінде көптеген ресейліктер, соның ішінде оппозицияшылдар да Батыстың санкциялары Путин режиміне ғана емес, жалпы Ресей Федерациясының барлық тұрғындарына қарсы бағытталған деп санайды.

"Негізі, ресейліктерден барған сайын авторитарлық режимді құлату үшін өз өмірін қатерге тігуді сұрайды. Бұл шындықтан мүлдем ажыраған идея", - деді депутат DW арнасына берген сұхбатында.

ресейлік көліктер тәркілеу Бундестаг депутат

Тақырыпқа жаңалықтар