БҰҰ: Ливаннан Сирияға 100 мыңға жуық адам қашып кеткен
Израильдің Ливандағы «Хезболла» радикалды шииттік қозғалысына қарсы әскери операциясы басталғаннан бері Ливаннан Сирияға 100 мыңға жуық адам қашып кеткен. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Грандидің айтуынша, Сириямен шекараға келушілер ағыны тоқтамайды. БҰҰ қызметкерлері жергілікті билік пен Қызыл жарты ай қызметкерлерінің қолдауымен төрт бақылау бекетінде жұмыс істейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Белгілі болғандай, босқындардың 60%-ға жуығы сириялықтар, қалғаны ливандықтар.
Бұдан бұрын Ливан премьер-министрі Наджиб Микати Израильдің жаппай әуе шабуылдары басталғаннан кейін үйлерін тастап кеткендер саны миллионға жуықтағанын айтқан.
Ол мұны «Ливан тарихындағы адамдардың ең көптеп қоныс аударуы» деп атады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: